Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!

18.05

Тақырыбы:  Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.
Әдісі:  Ертеңгілік.
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
–  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып,«Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.


1 Шақырайық Шынгысты

Сыныптағы ең мықты.

2Аяна келсін ортаға

Құрметтейік қол соға

3 Мың бұралып билейтін

Биші болар  ма екен

Әні де жок білмейтін

Махаббат деймін  билесең

4 Еркелетер бәрі де  Нұрасылды

Тентек емес бірақ  та ол-ақылды

5 Айдария әсем қыз екен

Қуантып бәрін жүр екен

6 Дінмұхамет Қонаев атасындай

Ел  басқарған зиялы  болар ма еді-ай

7 Анасының қолғанаты

Қарсы алайық Айсананы

8 Сыпайы да сүйкімді

Назеркені білеміз

Тамсандырар кім- кімді

Назерке біздің еркеміз

9 Анасы оған күнім дейді

Папасы оны гүлім дейді

Ағалары күлімдейді

Назия келсе мектептен

 

Тәрбиеші:
Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың!


       ҚР Гимні айтылады
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
1 оқушы:   Шынғыс
Нағыз білім ырыс  бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап.
2 оқушы: Назия
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.

3 оқушы:  Назерке
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

4 оқушы:  Айсана
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
5 оқушы: Дінмұхамед
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.

6 оқушы: Махаббат
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
7 оқушы: Айдария
Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күн де тұр асқақ.
Оқығалы келгенбіз,
Біз бірінші сыныпқа.

8 оқушы: Аяна
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
9 оқушы:  Нұрасыл
Қуан,  шаттан  алақай,
Қуанатын  күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.

10 оқушы: Айтөре

 Біз балауса баламыз,

Жетілді ой- санамыз.

Мектепалдымен қоштасып,

Мектепке кеті  п барамыз.

(Есік қағылып ,  «5»-тік  баға  кіреді.)
– Сәлеметсіңдер ме,балалар!  Мені сендерге «Білім ханшайымы»        балалардың   мектепке барардағы  білімдерін тексер,-  деп  жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының»  беріп  жіберген, бірнеше тапсырмалары  бар.   Осы  тапсырмаларды оқып, орындауларыңды  талап  етемін. Мен  сендердің  берген  жауаптарыңа  қарап,  мектепке  даярлықтарыңды  тексеремін.
 І тапсырма   Сұрақтарға  жауап  беру.
ІІ  тапсырма   Сауат ашу  сабағынан
ІІІ  тапсырма   Математика  сабағынан.
ІҮ  тапсырма  Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.

І тапсырма
– Біз қай елде тұрамыз?  «Отан», «Қазақстан» туралы жаттаған өлеңдерің барма?
– Сендердің  ауылдарыңның аты қалай  аталады?
– ҚР  рәміздерін  кімдер атап береді?
–    Неше  жыл мезгілі бар?
–    1 аптада неше күн бар?
–  Бүгін аптаның қай күні?
Ж а р а й с ы ң д а р    б а л а л а р !
ІІ тапсырма
–         Дыбыстар нешеге  бөлінеді?
–         Дауысты дыбыстарды  қандай текшемен белгілейміз?
–         Дауыссыз    дыбыстарды ше?
–         Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла,  да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на, ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық )
III тапсырма
–         1-ден 20-ға дейін тура және кері санап беріңдер?
–         Суреттер бойынша кім есеп құрастырып береді?
–         Берілген  фигураларды атаңдар?
–       Ойын: Сандарды ретімен орналастыр
3 2 7 5 6 4 9 10 8 1
ІҮ  тапсырма
(Өнерлеріңді тамашалайық)

Флешмоп би                

Талай қызық той өткіздік,
             Бірақ орны ерекше.
             Даярлықпен қоштасатын Бүгінгі той ерекше.
  ӘН:  «мен мектепке барамынр»  
   Ойын: «ия, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?.
 Ән: от улыпки
     Сахналау  «Бауырсақ» ертегісі
Тәрбиеші:  Ендеше,  қонақтарымызға Ыбырай Алтынсариннің Мақта қызбен мысық ертегі кейіпкерлерінің рөлін өздерің ойап көрсетесіңдер.             
Кемпір:Махаббат
Шал:Нұрасыл
Бауырсақ: Назия
Қасқыр:Айтөре
 Қоян:Айдария
 Аю: Шынғысхан
 Түлкі: Назерке
ӘН : «Мен ауылға барамын»  орындайтын хор.
 Би: вальс

 

Екен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.
Балаларға  алғыс хат тапсыру.
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Қорытынды 
–  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер